Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ҚОЛДАЙДЫ

c 19:25, 23/05/2022 c 747

0:00 / 0:00

«Ақ жол» партиясы елде орын алып жатқан өзгерістерді, Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформаларды қолдайды. Себебі, бұл өзгерістер партияның бастамаларымен тұспа-тұс келіп отыр дейді ақжолдықтар. Биыл «Ақ Жол» партиясының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Партия елмен бірге еңсерген мерейлі датаны атап өтті.
Өткен демалыста ақжолдықтар елордада бас қосты. «Ақ жол» партиясы елмен бірге еңсерген 20 жылдығын атап өтті. Алайда, мерейлі датада ас та төк той болған жоқ. Партияның дәстүрлі жиыны ғана өтті. Партия көшбасшысы Азат Перуашев бүгінгі жағдайда дүркіретіп атап өтудің қажеті жоқ деді. Әр өңірден жиналған партия мүшелері Ақжолдың 20 жылдық жолын айтып, елдегі өзгерістерді бірге еңсеру қажеттігін, алдағы референдум қандай өзгеріс әкелетінін, қаңтар оқиғасында алаңға шыққан жастардың талабы мен проблемасын шешу басты мақсат екенін айтысты.

20 жыл бұрын құрылған партияның тарихы да қозғалды. Сол кезде «Ақ жол» партиясы қазақстандықтар үшін жаңашыл қозғалыс болған еді дейді партия құрылғалы басы-қасында жүрген ардагері.

Бұдан әрі партияға еңбегі сіңгендер 20 жылдық медалімен марапатталды. «Ақ жол» партиясының тарихы, бүгіні мен ертеңі жайында деректі фильм мен кітаптың тұсау кесері рәсімі өтті.

Партияның жұмысын насихаттап жүрген БАҚ өкілдері де назардан тыс қалмады. Партия басшылығы журналистерді де марапаттап, сыйлықтарын табыстады. «Ақ жол» партиясының елмен бірге еңсерген 20 жыл» атты БАҚ арасындағы конкурста үздік саяси-сараптамалық материалы үшін арнамыздың тілшісі Ажар Хамитованың да қанжығасы майланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.