Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Айтылған сөз, атылған оқ

c 18:38, 11/09/2019 c 1044

0:00 / 0:00

Сөзі халықтың ашу-ызасын тудырғанПарламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божкоға қатысты сыни пікір әлі де толастар емес. Өздеріңізге мәлім, депутат Божко журналистерге берген сұхбатында «әлеуметтік көмек жасап отырғаны үшін халық биліктің алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек деген пікірін айтқан болатын. Депутаттың бұл сөзі қазақстандықтардың ашуын тудырды. Әлеуметтік желіде әбден сыналып, халықтан кешірім сұрауы талап етіліп жатыр. Алайда,мәжілісмен Владимир Божко журналистердің осыған қатысты сұрағына, «ешкімді ренжіткім келген жоқ, бірақ масылдыққа қарсымын» деп қашып құтылды.

Генерал, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, депутаттыққа Қазақстан халықтары Ассамблеясы арқылы тағайындалған Владимир Божконың аңдамай сөйлеген сөзі қоғамның ызасын тудырды. Депутат мырза, журналистерге сұхбатында «үш жыл ішінде әлеуметтік көмек 17 есеге өсті. Бұл үшін қазақстандықтар биліктің алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек» деген пікірін айтқан болатын. Енді депутат осы сөз үшін халықтың сынына қалып жатыр. Әріптестерінің өзі Владимир Божко мырза өз сөзі үшін жауап беруі тиіс деген пікір айтады.Тіпті  Божконың тәртібі палатаның этикалық комиссиясында қаралуы тиіс дейді Перуашев.

Қоғамның жіті назарына іліккен депутат Божко кешірім сұрауға дайын ба? Депутат өз кезегінде   «Ешкімді ренжіткім келмеді, бірақ масылдыққа қарсымын» деген қайталаумен шектелді.

Әзірге депутаттың мәселесі этика комиссиясында қаралмаған. Мәжілісмен Божко халықтан ресми түрде кешірім сұрай ма, сұрамай ма ол да беймәлім. Бұл сұрақты Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинге қойғанымызда...

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.