Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әділ сөз

c 13:30, 26/10/2020 c 724

0:00 / 0:00

Қазақстандық БАҚ-ры пандемия барысында қалай жұмыс істеп жатыр? Журналистер қашықта отырып ашық ақпарат алып жатыр ма? Карантин барысында дәрігерлер, құқық қорғау органдары, волонтерлармен қатар журналистер де алдыңғы шепте жүр. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен ОКҚ-да өткен брифингте  бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы, ақпарат алу қиындықтары, пандемия кезіндегі  қолдау жайында сұрақтар қойылып, жауап алынды.

Ақпарат министрлігін тізгіндегеніне көп болмаған Аида Балаева пандемия барысында алдыңғы шепте жүріп тоқтаусыз жұмыс істеген журналистерше рахмет айтудан шаршамаймын деп ағынан жарылды. Қауіпті індет таралып жатқан кезеңде  тек мемлекеттік емес, жекеменшік БАҚ-қа да қолдау жасалды дейді министр. 2020 жылдың сәуірінен бастап қазанға дейінгі мерзімде жекеменшік БАҚ еңбекақы қорынан міндетті салық пен аударма төлеуден босатылды. Шілде мен желтоқсан айы аралығында 67 коммерциялық телерадио арнасы эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату үшін ақы төлеуден босатылды-дейді ол. Алайда  журналистке керегі ең бастысы-ақиқатын айту.  Төтенше жағдай кезінде шынайы ақпарат алу журналистерге оңайға соққан жоқ. Еске сала кетейік, ауруханалардан ақпарат алып, дәрігерлердің жан-айқайы жайында жазып, көрсеткен БАҚ-ры сыналған да болатын. Оған қоса, түгел онлайн режимге көшкен Үкімет пен Парламенттің жұмысын қазір қашықтан қарап, ақпарат таратып жатқан жайымыз бар. Министрлермен тілдесетін жалғыз аймақ-осы ОКҚ. Бірақ осы алаңға шыққан спикерден бір күн бұрын жолданған сұраққа жауап ала -алмай жатамыз. Брифинг барысында журналистің сұрағын үзіп жіберіп,. жауапсыз қалдырып жататын деректер орын алады.  Бұл елдегі сөз бостандығына қайшы әрекет емес пе?

Сондай-ақ, брифингте митингі барысында БАҚ өкілдерін қорғау мәселесі де қозғалды. Өткен жылғы наразылық шерулерде ақпарат таратқан бірқатар журналистің  соққыға жығылу деректері орын алғанды. Алайда, ол кезде журналистерді қорғап шыққан құызырлы органды көрмедік. Енді тілшілерді қорғауды заңмен бекіттік дейді министр

Аида Балаева- ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі «Биыл бейбіт шерулер өткізу заңына өзгеріс енгізілді. Онда митингіден ақпарат тарату үшін журналситерге жағдай жасау қарастырылған.Митингі өткен кезде жергілікті атқару органдар БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз аймақтарын ұйымдасытруы тиіс. Сондай-ақ,журналистерге арналған митингіде киетін арнайы киімдер бекітілді.Енді митингілерде журналситердің соққыға жығылу фактісі орын алмайды деп ойлаймын».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.