Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Адам саудасы

c 19:34, 21/09/2020 c 539

0:00 / 0:00

Елде адам саудасына қатысты қылмыс өршіп тұр. 3 күнде адам саудасына қатысты 50-ден астам қылмыс әшкереленді. Бұл жайында  Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев брифинг барысында айтты. Сондай-ақ, елде адамдардың жоғалуы жиілеп кетті. Қазақстанда 1200 адам із-түзсіз жоғалған.

Әлеуметтік желіде жиі тарайтын жағымсыз ақпараттың бірі-адамдардың жоғалуы. Үйден шығып кетіп, із-түссіз жоғалды деген мәліметтің жиі орын алуына не себеп? Әсіресе жасөспірімдердің жоғалуы көп  тіркелуде. Криминалдық полиция Қазақстанда жоғалғандар саны 1200 адамды құрады деп дабыл қағуда. Өкінішке орай оның ішінде балалар да баршылық.

Думан Таев –ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы «Қазіргі таңда із-түзсіз жоғалғандар саны 1200 адамды құрап отыр. Оның ішінде 22-сі бала. Көп жағдайда ер адамдар жоғалып жатады. Ол іссапар мен автокөлік айдап әкелу, маусымдық жұмыстар бойынша өзге аймаққа кеткен ер азаматтарға қатысты болып отыр. Ал әйелдер ішімдік ішкеннің салдарынан осындай оқиғаға душар болып жатады. Жасөспірімдер арасында мұндай жағдай әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының жағдайына, ата-анасымен келіспеушіліктің салдарынан туындап жатады»

Таев мырзаның айтуынша, із-түссіз жоғалғандар бойынша 180 адам табылып, туыстарына қайтарылды.  Азаматтардың жоғалуына адам саудасы да себеп болып отыр. Полицейлер адам саудасына қатысты сексуалдық әрекеттерге мәжбүрлеу ірі қалаларда кездессе, жұмыс күшіне мәжбүрлеу ауылдарда көп кездеседі. Сондықтан да бұл қылмыс түрлері барлық өңірде орын алуда дейді. Үш күнде адам саудасына қатысты 50 қылмыс әшкерленді.

Думан Таев –ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы «STOP трафик» аясында 9-12 қыркүйек аралығында ауқымды іс-шараның 3 күні ішінде полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 50 қылмысты әшкереледі. Оның ішінде 1 кәмелетке толмағанға, 2 адам саудасына, 3 дерегі жұмыс күшін ұйымдастыру, 6 жезөкшелікке қатысты және 40 қылмыс жезөкшелікке қатысты «притон» ұйымдастыруға қатысты болып отыр»

Көбінесе адам саудасына  жезөкшелікке тартылғандар тап болып жатыр. Жеңгейтайлық жасағандарға қатысты 14 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген.Сондай-ақ, адамды малай ретінде ұстап отырғандар да бар. Мысалы, полиция 43 жастағы Тәжікстанның азаматын үш ай бойы ұрып-соғып ұстаған Ақтөбе облысының тұрғыны, оны өзінің шаруа қожалығында  жұмысқа салған. Жәбірленуші күндіз тракторшы, ал түнде сиыр қорада күзетші болып жұмыс істеп, фургонда түнеген. Мұндай деректер өзге өңірлерде де жиі орын алуда. Әлемде адам саудасы бойынша Қазақстан екінші рейтингте тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.