Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

55 кәсіпорынның жыры

c 17:54, 05/09/2019 c 913

0:00 / 0:00

Елімізде технологиясы ескірген 55 қытай кәсіпорны  ашылып жатыр деген дауға қатысты Үкімет өз пікірін білдірді. Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек осы мәселеге қатысты арнайы брифинг өткізді. Бұл  зауыттар, жаңа жобалар лас деген нарызылықтар айтылып жатады. Бұған қоса, бұл Қазақстан аумағына көшірілетін ескі жобалар деп те айтылады. Мен бірде-бір ескі зауыт немесе Қазақстан аумағына көшірілетін зауыт жоқ деп ресми түрде мәлімдегім келеді. Бұл жобалардың барлығы жаңа», - деді Жеңіс Қасымбек. Еске сала кетейік, Жаңаөзенде жүздеген адам бас көтеріп, елімізде қытай кәсіпорындарын ашуға тиым салуда талап еткен еді. Жаңаөзендіктердің бұл талабын еліміздің бірқатар қалаларында белсенділер қолдап, көшеге шыққан еді.

Көрші алып ел-Қытай Қазақстанға инвестиция құйып отырған елдердің ішінде төртінші орында тұр. Жаңаөзенде бас көтерген жүздеген адам елімізде Қытайдың 55  кәсіпорын салуына қарсылық білдірген еді. Бұл наразылық республиканың өзге де аймақтарында көрініс тапты. Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларында белсенділер Жаңаөзендіктердің бастамасына қолдау көрсеткен болатын. Талап –Қазақстанда Қытайдың ескі технологиясмен  зауыттар салудан бас тарту. Осы дауға қатысты ел Үкіметі үндемей отыра алмады. Бүгін арнайы өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Қазақстан мен Қытайдың бірлескен 55 жобасы жайлы айтып берді.

Бас көтергендер қытай компаниялары көбейсе, елге келетін қытай жұмысшылары да қаптап кетуі мүмкін. Бұл орайда жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту қажет дегенді алға тартқан еді. Алайда, премьер-министрдің орынбасары, Қытаймен бірлескен жобалар бойынша тек қазақстандық азаматтар басшылықта отыр деп сендірді.55 жобаның 15-і экономиканың әртүрлі секторында іске қосылды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы, металлургия, химия, мұнай-газ, көлік және логистика мен басқа да секторлар бар. Жалпы 15 жоба құны - 3,9 млрд АҚШ долларын құрайды. Қазіргі күні осы 15 жобада 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған.

Қасымбектің айтуынша, Қытаймен бірлескен жобалар еліміздің әр өңірінде жүзеге асып жатыр.

Биылғы жылдың соңына дейін тағы 5 жоба іске қосылмақ. Жаңа жобалар қатарында Алматыда ашылатын құбыр шығаратын зауыт бар. Жалпы айтқанда, кәсіпорындар аясында 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған. 95%-тенастамықазақстандықжұмысшыларболады, депсендірдівице-премьер.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.