Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

510 адам алимент төлеуден жалтарып жүр

c 11:18, 25/02/2022 c 566

Некесін бұзған азаматтар арасында бауыр еті баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген жандардың саны ұлғайған. Жеке сот орындаушылары өткен жылмен салыстырғанда өндірістегі істер мыңға дейін артқанын айтады. Бұның себебі ажырасқандардың саны көп. Сала мамандарының келтірген ақпарына сүйенсек, қазіргі таңда БҚО-да жеке сот орындаушылардың өндірісінде 9500 құжат бар. Олардың барлығы алимент өндіруге бағытталған. Жеке сот орындаушылар 510 азамат өз баласына заңмен бекітілген алиментті төлемей отырғанын мәлімдеді. Баласына қарайласпаған 2 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Айта кетейік, заң жүзінде міндетті көмек ақыны қасақана төлемей жүрген жандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылса да, бұл арқылы қарыз кешірілмейді. Естеріңізге саламыз, қазіргі қолданыстағы заң бойынша бір бала үшін еңбекақының 25 пайызы, екі бала үшін табыстың 3/1 бөлігі төленсе, одан да көп бала болса жалақының тең жартысы алимент ретінде қарастырылуы тиіс.

Сурет https://365info.kz/ сайтынан жүктелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.