Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

17 жасар қыздың өлімі

c 18:17, 18/10/2018 c 632

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Дариан елді мекенінде 17 жасар қыз баланы айуандықпен өлтіріп кеткен қылмыскерге қатысты дәйектер расталды. Бұл туралы БҚО ІІД бастығының орынбасары Берік Аймұрзиев мәлімдеді. Қылмыстың 28 шілдеге қараған түні жасалғаны белгілі болды. Марқұм болған қыз баланың жансыз денесін "Аққу" дәмханасының маңынан өтіп бара жатқан адамдар байқаған. Ауыл тұрғындары қаза тапқан қыз Дарьинск елді мекенінде тұратынын, биыл мектеп бітіргенін растаған. Сала мамандарының айтуынша аталмыш оқиғаға қатысты бір ғана күдікті болғаны анықталыпты.

БЕРІК АЙМҰРЗИЕВ,
БҚО ІІД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жасөспірім қыздың денесіндегі жарақаттарға қарап алғашында бұл қылмысты бірнеше адам жасауы мүмкін деген тоқтамға келген болатынбыз. Осы орайда іске қатысты нақты дәйектер анықталуы үшін бірқатар зерттеу жұмыстарын астана қаласына жіберген болатынбыз. Осыдан бірер күн бұрын талдаулар нәтижесі белгілі болды. Қылмысты бір ғана тұлға жасаған. Оның ісі сотқа жіберілді. Жазасын алады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.