Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

100 жуық адам ұсталды

c 19:13, 23/09/2019 c 686

0:00 / 0:00

Демалыс күндері Қазақстан қалаларында антиқытай тақырыбындағы  рұқсат етілмеген митингіге шыққан 100 шақты адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан соң, журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. Еске сала кетейік, 21 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және еліміздің 7-8 қаласында заңсыз шерулер өткен болатын. Ал бұған дейін, ел прокуратурасы бірнеше рет ескертулер жасап, қазақстандықтарды заңсыз митингіге шықпауға үндеген болатын.

Демалыс күндері Нұр-Сұлтан мен Алматы және бірнеше қалада толқулар болды. Ішкі істер министрлігі рұқсат етілмеген митингке шыққандардың ішінде жекелеген адамдар арандатушылық шақыруларға ұшырап, басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп құқыққа қарсы әрекеттер жасады деп хабарлап отыр. Қыркүйектің 21 күні наразылық шерулер еліміздің 7-8 қаласында өтті, сладарынан 100 –деген адам ұсталды дейді бас полицей.

Ерлан Тұрғымбаев – ҚР ішкі істер министрі: «21 қыркүйекте адамдар тобы жиналған жерлерге полицейлер жасағы шықты және профилактикалық жұмыстар жасалды. Бұл күндері 100-ге жуық адам ұсталды. Олардың 15-і жауапкершілікке тартылды, 9-ы әкімшілік қамауға алынды, алтауына әкімшілік айыппұл салынды". Басқа ұсталғандармен профилактикалық жұмыстар жүргізген соң, үйлеріне жіберілді ».

Митингілер барысында өздеріңіз көріп отырғандай, тәртіп сақшылары наразылық білдірушілерді арнайы автокөліктерег салып, алып кетіп жатты. Тек Нұрсұлтан қаласының Республика даңғылында өткен заңсыз митингтің жолын кесу барысында  50-ге жуық адам ұсталды. Солардың арасында үш қызымен келе жатқан ананың жанайқайы көпшілік назарына ілікті. Онда тәртіпсақшылары қызбаланы сүйреп, салып алып кетті. Әлуметтік желіде тараған бұл түсірілімге қатысты қызбала кәмелет жасқа толмаған деген мәлімет тарады. Алайда, министр бұл ақпаратты растамай отыр.

Наразылық шеру барысында журналист қыз да ұсталған болатын. Ерлан Тұрғымбаев тілшінің үстінде арнайы жилеті мен куәлігі болмаған соң полиция оны ұстады. Журналистке ескерту жасалып, босатылды дейді ол.  Өз кезегінде министр журналистерден мұндай шерулер кезінде полиция жүрген жерде аккредитациялық карта мен "пресса" деген жазуы бар жилет киіп жүруді сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.