Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

10 сапер жарақаттанды

c 19:10, 23/09/2019 c 499

0:00 / 0:00

Жарылыс салдарынан зардап шеккендердің үшеуі ауыр халде жатыр. Еске сала кетейік, қыркүйектің 21-і күні  Арыс қаласынан 60 шақырым жерде тағы да жарылыс болып, салдарынан 10 сапер жарақат алғанды. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, жарақаттанған жауынгерлер Қорғаныс министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылды. Оларға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Жарылыстың  себептері анықталып жатыр.

Маусым айында болған алапат жарылыстан енді ғана есін жинап жатқан Арыстықтарды бұл хабар алаңдатып отыр. Өткен сенбіде Арыс қаласынан 60 шақырым жердегі арнайы жабдықталған полигон аумағында жарылыс болды. Бұл жерде жоспарлы  жару жұмыстары барысында оқ-дәрінің фрагменті өздігінен жарылған. Нәтижесінде 10 арнайы дайындалған сапер  жарақат алды. Бұл жауынгерлер  келісімшарт бойынша әскери міндетін атқарып жатқандар еді. Үшеуінің халі нашар.

Министр Ермекбаев  Арыстағы төтенше жағдайдың салдарын тазарту бойынша өте қиын әрі тәуекелге баратын кезең болып тұр дейді. Әскерилер әскери бөлім аумағын толық тазартып, залалсыздандырды. Арыс тұрғындарына қауіп жоқ деп сендіреді министр.

Жарақат алған әскерилер Қорғаныс Министрлігінің далалық госпиталінде жатыр. Қазір жарылыстың орын алу себептерін анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізілуде.Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 24-і мауысымында Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери қоймада алапат жарылыс болған еді. Салдарынан 4 адам қаза тапты. Ресми мәліметке сүйенсек, әскери қоймадағы оқ-дәрілердің 70 пайызы жарылып кеткен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.