Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәмханалардың бірі уақытша жабылды

c 07:38, 21/11 c 1

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы Жеңіс шағынауданында орналасқан дәмханалардың бірінің жұмысы тоқтатылды. Түнгі сағаттарда жиі құқықбұзушылық тіркелген мекеме таңғы сағат 6-ға дейін жұмыс істеген. Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері осы дәмханаға қатысты түнгі және таңғы уақытта «102» арнасына 70-ке жуық шақырту түскен. Сондай-ақ мекемеде 10 қылмыс тіркеліп, бірқатар әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Осыған байланысты полиция тиісті органдарға бірлескен тексеру жүргізу туралы ұсыныс жолдаған. Тексеруге қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері де қатысқан. Нәтижесінде заң талаптарының бірқатар бұзылғаны белгілі болды. Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты дәмхананың қызметі уақытша тоқтатылды. Полиция қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасатынын хабарлады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.