Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақ тілінің емле ережелері мен сөздіктері жаңартылмақ

c 13:57, 12/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақ тілінің орфографиялық ережелері мен сөздіктері соңғы рет қашан ресми түрде бекітілгенін білесіз бе? 1983 жылдан бері бұл бағыттағы құжаттар мемлекеттік деңгейде жаңартылмаған. Енді оларды жүйелеп, қайта қарауға тапсырма берілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмысты 2027 жылдың соңына дейін аяқтауды міндеттеді. Мемлекет басшысы мұндай тапсырманы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының оныншы құрылтайында айтты. Оның сөзінше, қазақ тілі күнделікті қарым-қатынас құралы ғана емес, ғылым мен өндірістің де тіліне айналуы керек. Бұл ретте отандық жоғары оқу орындары мен ғалымдарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Президент университеттерде қазақ тіліндегі ғылыми зерттеулерге басымдық беру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы терминдер мен сөздердің әртүрлі жазылуына назар аударды. Бірыңғай стандарттың болмауы тілдік қолданыста ала-құлалық тудырып, тіл тазалығына кері әсерін тигізетінін айтты. Осыған байланысты емле ережелерін түгендеп, бір жүйеге келтіру және орфографиялық сөздікті қоса алғанда, барлық сөздіктерді жаңарту тапсырылды. Президенттің айтуынша, заңды күші бар соңғы ресми орфографиялық сөздік 1983 жылы бекітілген. Кейінгі басылымдар мемлекеттік деңгейде ресми мәртебе алмаған. Ал кейбір көршілес елдерде мұндай ғылыми еңбектер әр бес жыл сайын жаңартылып отырады. Сондықтан Қазақстанда да бұл жұмысты жеделдету қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.