Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында халықты жұмыспен қамту саласындағы заңдылық мәселелеріне арналған алқа мәжілісі өтті. Жиын облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлының төрағалығымен ұйымдастырылды. Алқа жұмысына облыстық прокуратураның өкілдерімен қатар, өңір аудандарының прокурорлары да қатысты.










