0:00 / 0:00
Орал қаласында белгілі спортшы әрі жоғары санатты жаттықтырушы Нариман Бекқалиев пен оның ұлы Тамерланды еске алуға арналған дзюдодан ІІІ ашық қалалық турнир өтуде. Жарысқа Батыс Қазақстан облысының аудан-қалаларынан келген жасөспірім спортшылар қатысуда. Турнирдің мақсаты – көрнекті жаттықтырушының спорттағы еңбегін дәріптеу, жас буын арасында дзюдо күресін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс бірнеше салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылып, үздіктер арнайы марапаттарға ие болады. Толығырақ келесі сюжетте.










