0:00 / 0:00
Орал қаласындағы Достық үйінде көрнекті ақын, қоғам қайраткері, дипломат және Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың дамуы: Олжас Сүлейменовтің тарихи рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері, ғалымдар, жастар және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Жиын барысында қатысушылар Олжас Сүлейменовтің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін ғана емес, оның еліміздегі азаматтық қоғамның қалыптасуы мен үкіметтік емес ұйымдардың дамуына сіңірген еңбегін кеңінен талқылады.










