0:00 / 0:00
Орал қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылды. Іс-шара «Атамекен» өнер ордасында өтті. Мерекелік кеш облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Мерекелік жиында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.










