0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық кеңейіп келеді. «Uniserv Medical Center» медициналық орталығы Оңтүстік Корея Республикасындағы Квандонг католик университетіне қарасты Әулие Мария халықаралық ауруханасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар телемедицинаны дамытуға, тәжірибе алмасуға және заманауи медициналық технологияларды енгізуге ниетті. Толығырақ — келесі сюжетте.










