0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлер франчайзинг арқылы бизнесті дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктерді талқылауға шақырылды. Іскерлік кездесу БҚО Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті. Жергілікті брендтерді ұлттық деңгейге шығару тақырыбына арналған оқыту тренингі ұйымдастырылды. Іс-шараны Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті бірлесіп өткізді.










