0:00 / 0:00
Оралдағы Орталық стадионда өткен "Жайық" футбол клубы мен "Қайра"т футбол клубы арасындағы тартысты матч 8500-ден астам жанкүйерді жинады. Алаңдағы ойын аяқталғанымен, стадиондағы жұмыс мұнымен тоқтаған жоқ. Көрермендер тарай бастаған сәтте трибуналарға волонтёрлер шықты. Олар — «Таза Қазақстан» республикалық акциясының қатысушылары. Белсенді жастардың басты мақсаты — стадион аумағында тазалықты қамтамасыз ету. Айта кету керек, мұндай бастамалар қоғамға ортақ мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Себебі тазалық — әрбір адамның жеке жауапкершілігінен басталады.










