0:00 / 0:00
Оралда қалалық мәслихаттың 26-шы сессиясы өтіп, онда шаһарды дамытудың басым бағыттары талқыланды. Күн тәртібінде цифрландыру мәселелері, 2026 жылға арналған жоспарлар және 2026–2030 жылдарға арналған Қаланы дамыту жоспарын денсаулық сақтау мен білім беру салаларында жүзеге асыру барысы қаралды. Сонымен қатар, депутаттар бұған дейін қабылданған шешімдерге енгізілетін өзгерістерді саралап, стратегиялық қалалық бағдарламаларды жаңарту мәселелерін талқылады. Сессия қорытындысы қалалық қызметтердің алдағы жұмысын жоспарлауға және жаңа жобаларды іске асыруға нақты бағдар берді.










