Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жер заңы мәжіліске қайтарылды

c 09:08, 30/04/2021 c 776

0:00 / 0:00

Сенат«Жер қатынастары туралы» заң жобасы Мәжіліске кері қайтарды. Сенаторлар әлеуметтік желіде орманды жерлер шетелдіктерге беріледі деген дауға қатысты түзету енгізді.

Жеке орман өсіру үшін жер учаскелерін тек Қазақстан азаматтарына және шетелдік үлесі жоқ Қазақстанның заңды тұлғаларына беру туралы өзгерісті енгізіп, жобасын мәжілістің қайтар қарауына жіберді.

Әлеуметтік желіде жер қатынастары туралы заң жобасы шетелдіктерге жерді орман өсіруге жалға беруге тыйым салмайтынын айтып, наразылық білдірді. Орманды жерлер шетелдіктердің қолына өтуі мүмкін деген пікір қызу талқыланды. Қазақ жерінің 3,8 пайызын орманды алқап құрайды. Мәжілістен жеткен заң жобасына қатысты қоғамдағы дау әсер етті ме, әлде сенаторлардың өз ақылы жетті ме. Сенаттың жалпы отырысында орманды жерлерді тек Қазақстан азаматтарына беру туралы ұсыныс айтылды.

Бұл ұсынысты сенаторлар түгел қолдап, жер қатынастары туралы заң жобасына түзету енгізіп, мәжіліске кері қайтарды.

Осылайша жер дауына қатысты құжат сенат пен мәжілістің ортасында допша домалап жүр. Депутаттар қоғамның бас көтеруіне жеткізбей-ақ, осы ұсыныстарды енгізсе, халық мүддесін қорғайтын заң қабылдаса құда да тыныш, құдағи да тыныш болар еді. Жер шетелдіктерге сатылмайды, жалға берілмейді деген ұсыныс енгізілгенімен, қоғамда күмән көп. Жер реформалары туралы комиссия мүшелерінің пікірі екіге бөлінді. Бірі жерді қазақстандықтарға да сатпауды, тек жалға беруді ұсынса. Енді бірі жер қазақстан азаматтарына меншікке берілуі керек деген ұстанымда. Қоғам белсенділері жерді сатып алғандар шетелдікке сатып жіберу мүмкін деп сақтанады. Бұл ауыл шаруашылық жерлеріне қатысты бітпей жатқан дау. Ал Жер реформасы жөніндегі комиссия жерді қазақстандықтарға сатпауға 5 жылға мораторий енгізуді ұсынғаны мәлім. Әзірге бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.