Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕ ҚАШАН ЖАНДАНАДЫ?

c 19:39, 20/12/2022 c 370

0:00 / 0:00

Биыл үкімет 4 пайызбен, бастапқы жарнасыз жеңілдетілген автонесие беруді жандандырған болатын. Қазір бұл несие тоқтап тұр. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда жеңілдетілген автонесие жобасын қаржыландыру қашан жалғасатынын айтты.

Үкіметте өткен баспасөз маслихаты барасында вице-премьер Роман Скляр 4 пайыздық жеңілдетілген несие беру бағдарламасының ендігі қарқыны бұған дейін несие алғандардың қарызын уақтылы төлеп тұрғанына байланысты болады дейді. Автосалоннан Қазақстанда жиналатын жаңа автокөлікті алуға кезекке тұрғандар бұл несиені асыға күтуде. Алайда жаздағы науқан қазір тоқтап қалды. Үкіметтегілер револьверлік негізде белгілі бір мөлшерде қаржы жинақталуы керек. Тек сонда ғана қаржы түсіп, жеңілдтеліген несиеге көлік алуға мүмкіедік утады деп отыр.

РОМАН СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Бәйтерек" холдингінің маған баяндаған мәліметі бойынша, револьверлік негізде белгілі бір мөлшерде қаржы жинақталу керек. Ол ақша келесі траншпен жеңілдетілген автонесие ретінде басқа азаматтарға берілуге тиіс. Қазір 188 миллирд теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игеріліп жатыр. Бұл жұмыс жалғасады. Толық түсініктеме алу үшін Даму қорына хабарласыңыз»

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін банктер 13 307 несиені мақұлдап, 11 мың автомобильдің кілтін иелеріне берген. Ақшаның револьверлік жолмен қайтуы жыл сайын 7,7 млн теңгелік — 1858 авто, 10 млн теңге тұратын 1430 машина алуға мүмкіндік береді. Осылайша 30 жылда елімізде 60 мыңға жуық автокөлік жаңарады.Бұған дейін Индустрия министрі Қайырбек Өскенбаев автонесие бағдарламасымен 2023 жылы 2 мың көлік сату жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.