Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАТ АҒЫМНАН ҚАУІП БАР МА?

c 17:24, 05/10/2023 c 44

0:00 / 0:00

Қазақстанданда ең кең таралған діндер- ислам және христиандық болып табылады. Сонымен қатар иудаизм мен буддизм бар. Исламның өзінде ағымдар көп. Соның ішінде теріс ағымдар белең алып барады. Қазақтың ұлттық дәстүріне қайшы келетін тұстары қоғамда қызу талқыланып жатыр. Депутаттар теріс ағымды ұстанғандар елдің тұтастығына қауіп төндіріп отыр деп даурықты. Бәпи бастаған бірнеше мәжілісмен үкіметтен жат ағымдардың таралуына тиым салатын заң қабылдауды талап етті. Бұл теріс діни үрдіс саяси сипат алып бара жатыр дейді олар. Себебі халықтың кемшін діни білім-танымын пайдаланған теріс діни топ жанталасып, қоғамға жалған рухани құндылықтар мен бөтен дәстүрлерді сіңіру қамын жасап жатыр. Бұдан саяси қатер бар. Қоғамды арабтық-уахабтық діни ұстаным негізде бөлшектеуге бағытталған әрекеттер байқалады дейді мәжілісмен Ермұрат Бапи. Ол Қазақстанға жат ағымды әкелген экс-президенттің бауыры деп мәлімдеді.

Өздеріңізге мәлім, әлеуметтік желіде домбыра харам, ана, шеше сөздерін қолдану да харам деген жат ағымда жүргендердің уағыздары кең тарап жатыр. Депутаттар бұл исламдық секта Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ұлытау, Алматы өңірінде кең етек жайып барады дейді. Тіпті шағын бизнесті, әсіресе базар саудасы төңірегін уахабшылар – салафизм идеясына табынушылар басып алған. Билікте жүргендердің арасында да уахабизм мен жат ағымдарды насихаттаушылар баршылық. Депутаттар да жоқ емес дейді Бапи.

Әріптесін қолдаған Қазыбек Иса 2011 жылы дін туралы заң қабылдауда жат ағымдарға тиым салатын бапты енгізуге Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарсы болғанын еске салды. Содан бері депутаттар бірнеше сауал жолдаса да мәселе жабық күйінде қалған.

Қоғамда орын алып отырған бұл жайт ұлттық асыл мұраларымыз – салт-дәстүрлерімізге деген шабуыл дейді депутат Әлтай. Теріс ағымды ұстанушылар қасиетті домбырамыздан бастап, тұсау кесу, беташар мен сәлем салу сияқты дәстүрдің барлығын «харам» деп таниды. Бұл ұлттың құрып кетуіне әкеп соғады дейді мәжілісмендер.

Мәжіліс депутаттар бұл теріс ағымдардың таралуына тиым салуға мемлекет араласуы керек. Халықты аздыратын осындай шабуылдарға заңмен тыйым салу қажет деп санайды. Үкімет құлақ аспаса, депутаттар өздері бастамашы болып заң ұсынбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.