Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАП-ЖАҢА ҮЙДЕ СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛДЫ

c 15:37, 09/10/2023 c 37

0:00 / 0:00

Астанада екі жыл бұрын ғана қолдануға берілген тұрғын үй кешенінде апат болды. Күні кеше қала бойынша жылу беру басталған сәтте су құбыры жарылып, үйдің төбесі құлаған. «Аңсар» тұрғын үй кешенінің тұрғындары су жаңа үйде ақау көп деп отыр. Осы үйді салған «Основа» құрылыс компаниясына айтар шағым көп. Ал мемлекеттік органдар бұл үйді қолдануға қалайша рұқсат берген деген үлкен сұрақ туады дейді тұрғындар. Толығырақ тілші тарқатады

Өздеріңізге мәлім қазанның бесі күні қала бойынша жылу беру басталған еді. Қоңыркүздің салқыны үйге кіріп, елордалықтар қашан жылу береді деп асыға күткен болатын. Әдетте жылу еру маусымы 15 қазанда басталатын. Тұрғындардың шағымы әсер етті ме шаһар басшылығ бұл үрдісті он күнге ерте бастады. Алайда, жылу беру маусымына тұрғын үйлер алдын ала дайын боулы керек. Жылу құбырларын тексеру жүргізіледі. Бірақ «Аңсар» тұрғын үй кешені жылу беруге дайны болмай шықты. Жыл берісімен алтыншы қабаттағы су құбыры жарылып, үйдің төбесі құлаған. Қазір үйдің ішінде тоқ ұрып тұр. Не істерімізді білмей жатырмыз дейді тұрғындар.

Тұрғындар екі жыл бұрын ғана қолдануға берілген су жаңа үйде ақаулар көп дейді. Тіпті олар қала әкімі Жеңіс Қасымбектің өзі келіп көргені жөн еді деп отыр. Түні бойы көз ілмедік дейді. Осылайша қып-қызыл ақшаға сатып алған жаңа үйдің проблемасы баршылық.

Өкінішке орай, жылдап емес, айлап өсіп жатқан елордада жаңа салынған үйлерде мұндай ақаулар жиі орын алады. Қала халқының саны да жылдам өсіп жатыр. Ал шаһардың инфрақұрылым дайын болмай шықты. Көптеген жаңа тұрғын кешендерінде сумен проблема. Енді бірінде жылу беру жүйесінде мәселе бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.