Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЫСТАНБҰЛДАҒЫ ЖАРЫЛЫС

c 18:16, 14/11/2022 c 1106

0:00 / 0:00

Ыстамбұлда орын алған жарылыста зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Еліміздің сыртқы істер министрлігі осындай мәлімет таратты. Өздеріңізге мәлім,13 қараша күні Түркияның Ыстамбұл қаласының туристер көп баратын Истикляль көшесінде жарылыс болды. Салдарынан алты адам қаза тауып, жараланғандар саны 80-нен асты деп хабарлап жатыр Түркиялық БАҚ. Осы жағдайдан соң Қазақстанның Түркиядағы елшілігі жарылыстан зардап шеккендер ішінде қазақстандықтардың бар-жоғын анықтаған еді.

Ресми өкілдің айтуынша, Ыстанбұлда қазір қанша қазақстандық турист жүргені белгісіз. Елшілікке тек сол елде оқып жүрген студенттер мен жұмыс бабымен немесе ұзақ уақытқа барғандар ғана тіркеледі екен. Түркиялық БАҚ-ң хабарлауынша, ел полициясы жарылыс орын алған көшеде бомба қалдыруы мүмкін адамды ұстаған. Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу алты адамның өмірін қиған жарылыстың артында Күрдістан жұмысшы партиясы тұрғанын мәлімдеді. Түркия билігі әйел адам жасаған жарылысты теракт деп бағалап отыр. Осы жағдайға байланысты қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорда. Тоқаевтың жолдаған жеделхатында "Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын", - деп жазылған. Ал Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадағы күзетті күшейткенін хабарлайды.

АЙДАР АЙМУРЗИН - ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Біз жұмадан бастап шекаралардағы күзетті күшейттік. Сондай-ақ, өткізу пунктерінде де адамдарды тексерумен қатар, қару-жарақ, жарылғыш заттарға тексеруге аса назар бөліп жатырмыз»

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.