Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Вакцина салдырғандар ПТР тест тапсырмайды

c 09:43, 05/05/2021 c 792

0:00 / 0:00

Енді ковидке қарсы вакцинаны толық алғандардан птр тест талап етілмейді. Бұл жайында үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Бүгінгі күні Қазақстанда

1,5 миллионға жуық адам екпе салдырған. Сондай-ақ, ол қызыл аймақтарда мешіттер мен шіркеулердің жұмыс істеуіне рұқсат етілетінін айтты.

Қазақстан бүгінде қызыл, жасыл, сары түске боялып тұр. Өкінішке орай, қауіпті індеттің таралуы белең алған 9 өңір қызыл аймақта. Бұл карантин талабы қатаңдатылған аймақтарда адамдардың жүріп-тұруына шектеулер қойылған. Енді еліміздің бас дәрігері қызыл аймақтағы шектеулердің біразын алып тастайтынын мәлімдеді. Мешіттер мен шіркеулердің, басқа да діни нысандардың жұмысы жанданбақ.

Алексей Цой-ҚР денсаулық сақтау министрі «Қызыл аймақта супермаркеттер мен гипермаркеттердің жұмыс уақытына шектеулер алынды және жексенбіде даладағы базарлардың қызметіне рұқсат етілді. Қызыл" және "сары" аймақтарда діни нысандар ашық ауада жұмыс істей береді. Алайда жабық ғимаратта ұжымдық шаралар өткізуге тыйым салынған».

Қоғамдық тамақтану орындары "қызыл" аймақта түнгі 12.00-ге дейін, "сары" және "жасыл" аймақтарда тәулік бойы істей беретін болады. Стрит-фуд, даладағы аттракциондардың жұмысына да шектеу қойылмайды. Алексей Цой республикадағы эпидемиологиялық ахуал

бір деңгейде сақталып тұр дейді. Өткен аптада вирус жұқтыру 2%-ке төмендеді. Министрдің айтуынша, енді ковидке қарсы вакцина жасатқанқандардан птр тест талап етілмейді.

Алексей Цой-ҚР денсаулық сақтау министрі «Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар санының біртіндеп ұлғаюына байланысты Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсы бар тұлғалар птр тест тапсырмайды.  Ауруханаға жатқызудың кез келген түрінде, ұйымдастырылған ұжымдарға барғанда, еңбек демалысынан, вахтада жұмыс істейтіндерге, іс-сапардан оралғанда, науқастануына байланысты жұмыс орнында болмаған кезде ПТР тест талап етілмейді».

Сондай-ақ, вакцина салдырғандар қашықтан жұмыс істеу форматына жіберілмейді. Министрдің мәліметінше, бүгінгі күні елде 1,5 млнға жуық адам немесе халықтың вакцинациялауға жататын санатының 15 пайызы қауіпті індетке қарсы екпе алды. Еске сала кетейік, бұған дейін Цой тек сәуір айында 2 миллион адамға вакцина салдырамыз деген болатын. Алайда, министр бұл көрсеткішке жете алмады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.