Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«В» жоспары

c 17:46, 12/02/2021 c 382

0:00 / 0:00

Пандемия қашан аяқталатынын білмейміз. Дағдарыстан кейін экономика қашан қалпына келетінін білмейміз. Бұл орайда үкіметтің  «В» жоспары бар ма?,- деп сұрады Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин үкімет мүшелерінен. Бүгін  «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасы талқыланды. Үкімет мүшелері сайлауалды бағдарламада қамтылған мәселелердің атқарылу барысын баяндады.  Алдымыздағы 5 жылдың ішінде сайлау бағдарламасын іске асыру үшін 21 трлн теңге қажет.

Пандемия ел экономикасын әлсіретті. Оған қоса әлемдік дағдарыстың кері әсері тағы бар. Бір жылдан бері карантин талабынан шағын және орта бизнестің жағдайы нашарлады.  Тығырықтан шыға алмай, табысынан айырылған кәсіпкерлер кәсібіне жабуға мәжбүр болды. 2019 жылы ШОБ үлесі 31,7 пайызды құрады, өткен жылы бұл көрсеткіш төмендеп,  28,5 пайыз болды. Ал сайлауалды бағдарламада 2025 жылға 35 пайызды құрайды деп көрсетілген. Билік партиясының сайлауды бағдарламасын іске асыру үшін  алдағы бес жылға 21 трлн теңге қажет. Депутаттарды дағдарыстан кейінгі жағдай мазалайды. Оған қоса пандемияның қашан аяқталатыны да белгісіз. Дағдарыстан шығу үшін  үкіметтің «В» жоспары бар ма?

Нұрлан Нығматулин – ҚР парламент мәжілісінің төрағасы -«Біз пандемия қашан аяқталатынын білмейміз. Біз дағдарыстан кейін экономика қашан қалпына келтінін білмейміз.Nur Otan партиясының төрағасы мен Мемлекет басшысы әрқашан «Б» жоспары болуы керек екенін айтады. Егер біз қосымша сынақ пен тәуекелдерге тап болсақ не істейміз? Мейрамхана саласы мен туризмнің жағайы не болғанын көрдік қой. Бұл көрсеткіштерге қалай шығамыз? Басқа жоспар бар ма?»

Әсет Ерғалиев – ҚР ұлттық экономика министрі -«Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қосымша жоспар бар. Үкімет пен Ұлттық банк, қаржы нарығын дамыту жөніндегі агенттікпен бірлескен әлеуметтік-экономикалық жағдай қиындағанда қолданылатын жедел шараларды қамтитын жоспар бар.  Ол халық пен бизнеске қолдау көрсетеді. Жоспар жүзеге асқан жағдайда қолданылады. Оның ішінде коронавирус індетінің көбеюі де бар».

Қазақстан тікелей инвестиция  тартуда көш бастап тұр. Алайда, бұл елдің даму барысына қалай әсер етеді? Аграрлық секторды экономиканың драйверіне айналдыру керек деген сөздің өзі әзірге іс болмай тұр. Сырттан ақша тартып, мәселені шешеміз деген дұрыс емес. Елдің өз өндірісі дамып, қарыз алудан бас тартқан жағдайда ғана жетістікке қол жеткізеді дейді экономистер. Ал индустрияландыру жолындағы талай жобалар ашылуы ашылып, сәтсіздікке ұшырап, жабылып та қалып жатты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.