Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН 1,6 ТРЛН. ТЕҢГЕ ТАРТЫЛАДЫ

c 02:47, 24/11/2023 c 80

0:00 / 0:00

Ел үкіметі стартегиялық, инфрақұрылымдық маңызды ірі жолбаларды іске асыру үшін тағы да Ұлттық қорға қол салмақшы. Сенатта қаралған «Ұлттық қордан 2024 - 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң осыны меңзейді. Дегенмен, шенеуніктер триллиондар тартып отырып Ұлттық қор қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге және оның валюта активтерін 2030 жылға қарай 100 млрд АҚШ долларына дейін жеткіземіз деген сенімде. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәліметінше, аталған заңда мұнайдың кесімді бағасы 2024 жылы барреліне 43,4 АҚШ долларын, 2025-2026 жылдары барреліне 40,2 – 41,8 доллар деңгейінде белгіленген. Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2023 жылы 2,2 трлн теңгеден 2024-2026 жылдары жыл сайын 2 трлн теңгеге дейін төмендендеді деп отыр. Неге біздің үкімет Ұлттық қорға қол сұғуды әдетке айналдырды? Бас қаржыгердің айтуынша, ұлттық әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бюджеттің шамасы жетпейді. Сол себепті Ұлттық қордан 1,6 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт тартпақшы.

ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ - ҚР ПЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ «Ұлттық қор қаражатын қолдануға мәжбүрміз. Бұл маңызды шара. Өздеріңіз білесіз республикалық бюджеттің мұндай ірі жобаларды қаржыландыруға шамасы жетпейді»

Әрине сенаторлар ұлттық қордан қаржы тарту қашан тоқтайды деген сыни сұрақтар мен пікірлерін жарыса айтып жатты. Дегенмен келісуге тура келді. Себебі, бұл автожолдар құрылысы, коммуникация, әлеуметтік жобалар.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Біз Ұлттық Қордың қаражатын жекелеген стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға тартуға қарсы емеспіз. Қолдаймыз. Мәселе, оның қалай жүзеге асып жатқанында. Егер Самұрық-Қазына облигацияларды шығарғанда оны нарыққа бергенді нарық өзі реттейтін еді. Ал Самұрық-Қазына облигация шығарады да Ұлттық қор сатып алады. Оған кім баға беріп жатыр. Жобалардың орындалуын кім бақылап жатыр? Сұрақ сонда.»

Үкімет мүшелері ауқымды қаражат тарта отырып, Ұлттық қордың валюталық активтері 2024 жылы 68 млрд АҚШ долларына дейін қалпына келтіріліп, одан әрі 2025-2026 жылдары 80,7 – 93,3 млрд долларға дейін өседі деп сендіреді. Жоғарыда шенеуніктер айтқандай қазір Ұлттық қорда 57 миллиард доллар ғана бар. Соңғы 8 жылда Қордың қаражаты 73 миллиард доллардан 57 миллиард долларға дейін төмендеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.