Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҮКІМЕТКЕ ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕР

c 09:48, 14/12/2022 c 1369

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына іліккен үкіметтің есік қағып тұрған жаңа жылда тағдыры шешіледі. Ал әзірге мемлекет басшысы министрлер кабинетіне міндеттемелерді үйіп-төгіп берді. Тоқаев айтқандай, келесі жылы орталықта және жергілікті жерде ауқымды кадрлық өзгеріс жасалады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Сондай-ақ, үкімет пен Ұлттық банк алдағы жеті жылда Ұлттық қордың актвитерін 100 млрд долларға жеткізуі керек. Жер қойнауын заңсыз иеленіп алғандардан қойнауды тартып алу қажет. Азық-түлік сақтайтын қоймалар салу керек. Бұл Тоқаевтың Смайылов үкіметіне жүктеген міндеттерінің бірқатары ғана.

Өздеріңізге мәлім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі үкіметтің жұмысына күмәнмен қарап отыр. Ол көкейдегі сұрағын премьер-министр Әлихан Смайыловқа арнап, осы құраммен жаңа жылға барамыз деген сауалды тікесінен қойды. Ал жаңа жылға 18 күн қалды. Яғни келер жылы министрлер кабинетінің тағдыры шешілмек. Әзірге қымбатшылықты тізігндей алмай отырған үкіметтің алдында атқаратын жұмыс көп. Ең бастысы азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп отырғандардың өнімін сақтайтын қарапайым қойма салу жұмысын жүзеге асыру керек. Қойма мәселесі он жылдан бері айтылып, толық шешілмей отырған проблема.

Соңғы жылдары үкімет бюджет шығысына Ұлттық қордан қаражат тартуды әдетке айналдырған. Ал бұл болашақ ұрпақтың қоры екені естен шыққан. Қазір қордың ақшасы азайып жатыр. Тоқаев министрлер кабинетіне Ұлттық қордан қолын тартуға кеңес берді. Алдағы жеті жылда үкімет пен пен Ұлттық банк қордың активтерін 100 млрд долларға жеткізуі тиіс.

Референдум өткізіп, Ата заңға енгізіп алған өзгерістің бірі -жерасты байлығы енді халықтың игілігіне жұмсалады делінгенді. Алайда отыз жылда жер қойнаулары ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Құзырлы органдар жер қойнауын пайдалануда заң бұзушылықтарды анықтады. Енді жер қойнауын заңсыз алғандардан оны мемлекетке қайтару жұмысы жүргізілмек.

Сөйтіп, мемлекет меншігіне қайтарылған жер қойнауларына адал инвестор таратамыз деген үміт бар. Ал келесі жылдан бастап орталықта және жергілікті жерде ауқымды кадрлық өзгерістер орын алады. Әкімдер мен министрлерге жұмысқа алып алған жақындарымен қоштасуға тура келеді. Бұл да Тоқаевтың үкіметке қойған талабы.

Сондай-ақ, Президент жер инспекциясы, құқық қорғау саласы, ревизиялық комиссия және басқа да бақылау органдары жергілікті биліктің ықпалында болмауы керек екенін баса айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.