Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҮКІМЕТ ЖҰМЫСЫНА КӨҢІЛІҢІЗ ТОЛА МА?

c 03:17, 02/09/2023 c 41

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысының бүгінгі жолдауынан кейін Смайылов үкіметі отставкаға кетуі мүмкін деген болжам бар. Әзірге Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігіне біраз өзгеріс енгізіп, бірқатар азамат жылы креслосынан айырылды. Сондай-ақ, төрт министр қызметінен кетті.

Күздегі саяси науқан Президенттің Қазақстан халқына жолдауымен, Парламент палаталарының жаңа сессия жұмысымен басталмақ. Жолдаудан соң Әлихан Смайлыов бастаған министрлер кабинеті отставкаға кетеді деген болжамдар әлеуметтік желі мен БАҚ бетінде жарыса айтылып, жазылып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда Қазақстан экономкиасының жаңа моделін ұсынды. Үкімет пен Парламенттің алдында маңызды тапсырмаларды қойды. Смайылов Президенттің өткен жылғы жолдауын толық орындай алды ма? Үкіметтің жұмысына көңіліңіз тола ма деген сұрақтарды депуттар мен билік өклідеріне қойған едік.

Аида Балаевадан сұқбат алған кезімізде ол Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болатын. Бірақ сюжетіміз эфирге шыққанша Мемлекет басшысы Президент әкімшлігінің басқару құрамын түгел өзгертіп тастады. Ақордадағы ауыс-түйіске сай, Тимур Сүлейменов, Аида Балаева, Руслан Желдібайлар бастаған бірқатар азамат орынбасар қызметінен босатылды. Ал, Әсет Исекешев Президенттің кеңесшісі лауазымынан кетті. Руслан Желдібай Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар ісі жөніндегі көмекшісі болып қалды. Жолдаудан соң, Президент төрт министрді қыземтінен босатты. Марат Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан, Дархан Қыдырәлі ақпарат министрі, Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі және Зүлфия Сүлейменова Экология министрі лауазымынан босатылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.