Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрақты жұмыс қажет

c 09:41, 28/04/2021 c 365

0:00 / 0:00

Үкіметтің халықты жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалары аясында тұрақыт жұмыспен қамту мәселесі өңірлерде төменгі көрсеткіште. Үкіметтің онлайн отырысын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданған шаралар жайында баяндаған еді.Министрдің айтуынша , елде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр.

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр. Бұл еңбек министрлігі ұсынған ресми мәлімет. Биресми сатистикада еңбекке жарамды деген азаматтардың 30 пайызға жұмыссыз жүр. Әсіресе пандемия барысында жұмыссыз қалғандар саны артты. Тіпті өзін-өзі қамтып отырғандардың да қолы қысқарды. Еңбек министрінің айтуынша, өткен жылы уақытша жұмыспен қамтылған халық саны 4 есеге өсіп, 536 мың адамды құрады. Ал шектеу шаралары кезінде қашықтан жұмыс істеу кеңінен тарап, жыл соңында уақытша жұмыспен қамтылғандар саны 147 мың адамға қысқарды.Алайда, үкімет ұсынған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыспен қамтылып жатқандар есебінде, тұрақты жұмысқа тұрғандар саны аз.

Министрлік өңірлік даму бағдарламалары бойынша биыл 440 мың адам жұмысқа орналасты деген мәліметті ұсынады. Алайда, мұның басым бөлігі уақытша жалданып жұмыс істеп жүргендер екенін білеміз. Халықты жұмыспен қамтуда, қайта оқыту қолға алынған. Бастау-бизнес жобасы аясында адамдарды бизнеске үйрету жүріп жатыр. Еңбек министрі  азаматтарды оқытып, тоқытып, оларға өз кәсібін ашуы үшін микредит пен грант беріп жатырмыз дейді. Алайда, кәсіпкерлер палатасы аймақтарда бұл шағын несие қолжетміді болмай тұр дейді

Ал қара халық болса, үкімет ұсынған жұмыс үшін төленетін айлық күн көріске жетпейді дейді. Сондықтан тепсе темір үзетін жігіттер жалдамалы жұмыс істегенді жөн санайды. Ол жерде күніне жоқ деген 4-5 мың теңге табады. Ал млрдтап қаржы бөлініп жатқан  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана жүргізілген.  Бір адамды жұмыспен қамтылды деп бірнеше рет бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізе берген.Ал өткен жылы бұл бағдарламаға 131 млрд теңге бөлінсе. Карантин барысында қосымша 50 млрд теңге қарастырылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.