Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТӨТЕНШЕЛІКТЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

c 17:54, 15/11/2022 c 1183

0:00 / 0:00

Жаңа жылдан бастап өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы өседі. Бұл жайында бас құтқарушы Юрий Ильин журналистерге берген сұхбатында айтты. Үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілген кезде төтеншеліктердің айлығы 65 мың теңгені құрағанды. Ал қазір қатардағы қызметкердің ең төменгі лауазымдық жалақысы шамамен 110 мың теңге дейді министр. Алайда мұның өзі тым аз. Енді үкімет 2023 жылдан бастап жаңадан келген қатардағы қызметкерлердің айлығын 70 пайызға өсіреді.

ЮРИЙ ИЛЬИН –ҚР ТЖМ «2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 10%-дан 70%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. 70% дегенде, бұл қызметті енді бастаған қатардағы құрамның жалақысы максималды өседі деген сөз. Ал 10% дегенде басшы құрам туралы айтып тұрмын, бұл - өрт сөндіру қызметінің бастықтары, төтенше жағдайлар қызметінің бастықтары. Менің жалақым және орынбасарларды өспейді».

Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, бүгінде құтқару техникасы ескірген. Қажетті жабдықтардың 78 пайызының тозығы жеткен. Өрт сөндіретін тікұшақтар, көліктерді жаңарту қажет. Министр Ильин үкіметке 45 млрд теңгеге өтініш білдірген. Бұл алдағы бес жылдың еншісіндегі шаруа дейді ол.

ЮРИЙ ИЛЬИН –ҚР ТЖМ «Біз кезең-кезеңімен бөлімшелерді кеңейтуге, қажетті жабдықтарды алуға өтініш бердік. Меніңше толық жабдықтау алдағы 3-5 жылдың ішінде шешілетін мәселе. Осылайша төтенше жағдай орын алғанда жедел қозғалып, әрекет етуге қол жеткіземіз деген ойдамын. 45 млрд теңгеге өтініш бердік»

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.