Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТОҚАЕВ «NUROTAN-ДЫ» БІР ЖЫЛ ҒАНА БАСҚАРУЫ МҮМКІН

c 10:14, 29/01/2022 c 786

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының төрағасы болып сайланды.Бүгін өткен билік партиясының кезектен тыс XXI съезінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев партия басшылығына Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған еді. Партияластары бірден бұл ұсынысты қолдады. Алайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың соңына дейін ғана партияны басқаратынын айтып қалды. Сондай-ақ, нұротандықтар саяси кеңесінің құрамын 55 пайызға жаңартты. Олардың қатарында партияның бірінші орынбасары Бауыржан Бәйбек пен мәжіліс депутаты Дәриға Назарбаева жоқ. Партия съезі онлайн режимде өтті.

Жаңа Қазақстанмен бірге, билік партиясы «Nur Otan» да жаңармақ. Бүгінгі өткен съезінде партия су жаңа төрағасын сайлап алды.

Осы міндетті атқаруды өзіне ұсынғанына ризашылық білдірген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, «Nur Otan» партииясын жыл соңына дейні ғана басқаруы мүмкін екенін айтып қалды.

Тоқаевтың партия басшылығына келуі елде қолға алынған реформаларды аяғына дейін жеткізу үшін қажет. Ал кейін партия басшылығынан кетіп, саяси партиялар арасындағы бәсекелестікке жол бермек дейді партияластары.

Сондай-ақ, партия басшысы нұротандықтарға мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу керектігін ескертті. Партияның жұмысы түбегейлі қайта құруды қажет етіп отырғанын айтты. "Nur Otan-ның" жұмысын сынаған Президент партия мемлекеттік органдардың жұмысын көшірмей, идеологиялық және кадрлық жұмыстармен айналысуы керек деді.

Тоқаев «Қазақстан халқы қорына» қаржы салуға тартынып отырған олигархтарды сынады. Ұсынысын елемей отырған қалталылардың бұл әрекетіне «сараңдық» деген баға берді.

Билік партиясының кезектен тыс съезінде көшбасшысы ғана жаңарып қоймай, саяси кеңесінің құрамы да өзгерді. 55 пайызға жаңарған саяси кеңестің құрамында бүгінге дейін партия төрағасының орынбасары болып келген Бауыржан Бәйбек жоқ. Айтпақшы енді партия төрағасының орынбасары деген лауазым болмайды. Тек хатшы болады. Сондай-ақ, Назарбаевтың үлкен қызы, мәжіліс депутаты Дәриға Назарбаева да кеңес құрамынан шықты. Одан әрі Дәриға Назарбаева партия мүшесі болып қала ма,шыға ма, депутаттық мандатынан бас тарта ма? Ол әзірге белгісіз. Ал сенат пен мәжіліс төрағалары Әшімбаев пен Нығматулин саяси кеңестегі өз позицияларын сақтап қалды. Кеңестен мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин де шықты, бірқатар министрлер мен әкімдер де бұл тізімнен сызылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.