Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тіршілік иесін кім қорғайды?

c 20:15, 20/12/2022 c 529

0:00 / 0:00

Аққулар мен итбалықтардың қырылуына не себеп? Бұл сұрақты үкімет дәлізінде журналистер экология министрі Серікқали Брекешевке қойды. Министр қазір тіршілік иесінің қырылу себебі анықталып жатқанын айтты. Итбалықтардың өлімі газдың таралуынан болуы мүмкін дейді министр.

Қоршаған ортаны, ондағы жан-жануар, құс-балықты қорғайтын экология министрлігі дала иесі-ақбөкендерді атқызу мәселесін кейінге шегеріп отыр. Өздеріңізге мәлім, биыл маусымда Экология министрлігі киіктердің санын реттеу үшін 80 мың киікті ату туралы түпкілікті шешім қабылданатын мәлімдегенді. Жазда батыс Қазақстанда киіктердің саны артып, егінге түсе бастаған еді. Жергілікті шарулар шағым түсіріп, ақбөкендердің санын реттеу мәселесі қолға алынғанды. Алайда, бас эколог келесі жылы киіктерді атуға рұқсат бремейміз деп отыр. Яғни бұл мәселе кейінге шегерілген.

СЕРІКҚАЛИ БРЕКЕШЕВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ «Бүгін біз киіктерді ату туралы мораторийді ұзарту жөніндегі ұсыныспен ақпарат жібердік. Біздің ұсынысымыз қолдау тапса, 2023 жылдың соңына дейін киіктерді атуға тыйым салынады. Яғни, келесі жылы киіктерді атпаймыз».

Ал кәрі Каспий теңізіндегі итбалықтар неден қырылып жатыр? Сондай-ақ, Каспий теңізі мен Қаракөл көлінің жағалауында ондаған аққудың өлексесі табылған еді. Киелі құстардың жаппай қырылуына не себеп болды?

СЕРІКҚАЛИ БРЕКЕШЕВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ «10 бас аққу қырылып қалған. Айта кету керек аққу қызыл кітапқа енбеген құс. Қазір теңізден сынама алынып, зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижеі шыққанда хабарлаймыз. Ал итбалықтарға келетін болсақ, нақты хабарды15 қаңтарда айтамыз. Себебі анықталуда. Итбалықтардың өліміне газдың таралуы себеп болуы мүмкін».

Қоршаған ортаны қорғау ведомствосының алдын ала болжамы бойынша, өлген аққулар қыстан шығу үшін қажетті майды жинап үлгермеген. Олар балапан аққулар. Аққулардың өліміне сондай-ақ қатты аяз себеп боулы да мүмкін. Маңғыстау облысында 1 желтоқсаннан бастап ауа температурасы -15 градусқа дейін төмендеді. Каспий теңізі мен Қаракөл көлінің жағалауы жартылай мұзбен жабылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.