Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТАСМАҒАМБЕТОВ ОРАЛДЫ

c 11:20, 25/11/2022 c 1155

0:00 / 0:00

Белгілі саясаткері Иманғали Тасмағамбетов саяси аренаға қайта оралды. Кеше Армения астанасы Ереванда өткен Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммитінде Иманғали Тасмағамбетов ұйым Хатшылығының басшысы қызметіне тағайындалған еді. Тасмағамбетовтің қайта оралуы, алдағы уақытта оны ел билігіне жақындауына әсер ете ме деген сұрақты сенаторларға қойып көрдік.

Ақорданың хабарлауынша, Ереванда бас қосқан Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің президенттері Иманғали Тасмағамбетовті осы ұйымның Хатшылығы басшысы қызметіне тағайындады. Қазақ басшысы ұйымның алдында қазіргі геосаяси ахуал өршіп тұрған сәтте атқаратын шаруа көп екенін айтты.

Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығын тізгіндеген Иманғали Тасмағамбетов елімізде ең жоғарғы саяси қызметтерді атқарды. Үкімет басшысы болды, мегаполис қалалар- Алматы мен Астана және Атырау облысының әкімі болды. Президент Әкімшілігінде жетекшілік етті. Қорғаныс министрі де болды. Соңғы қызметі – Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі болды. Ал 2019 жылы Иманғали Тасмағамбетов зейнеткерлікке шығып, елдің саяси өмірінен тасада қалды. Енді міне Тасмағамбетов саяси аренаға қайта оралып отыр.

Сенат депутаты Дана Нұржігіттің пікірінше, Тасмағамбетовтің келуімен Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ішінде трансформация жүргізілуі мүмкін.

Айта кету керек Иманғали Тасмағамбетов халықаралық ұйымдағы қызметіне жаңа жылдан бастап кіріседі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.