Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТАБЫС КІЛТІ

c 03:51, 22/08/2023 c 56

0:00 / 0:00

Елордада бас қосқан бизнесмендер қалай баюдың жолын талқылады. «Шаңырақ» форумына келген кәсіпкерлер бұл жетістікке жету жолдарымен бөлісті. Кез-келген адам бай болып, өмірдің бар жақсысын көріп, сезінгісі келеді. Алайда, табыс кілтін таба алмай сергелдеңге түседі. Ал бизнесте өз жолын тапқан кәсіпкерлер бай болудың жолы оңай емес екенін айтады.

Кәсіпкерлердің айтуынша, бизнесте тәуекел көп. Акциялар құлап, саяси реформалар жүріп жатады. Бірі миллиардтарын жоғалса, енді бірі бұл жағдайда табысқа кенеледі. Мұндай жағдайда бірігіп, қиын кезеңде бизнес құрғандардың трәжірибесіне сүйенген дұрыс. Алтыншы рет өткізіліп отырған аталмыш бизнес форумға еліміздің екі мыңнан астам іскер азаматы қатысты. Бір шаңырақтың астында бос қосқан бизнесмендер өз тәжірибесімен бөлісті. 15 спикер сөз алып, кәсіпкерліктің қиын-қыстау жолдары мен оған жету мақсаты жайында жарыса айтты. Бұл жылда өтетін ауқымды шараның өз ісін енді бастап жатқан кәсіпкерлерге берері мол. "SHANYRAQ"-ң мақсаты халықтың бизнес сауаттылығын ашып, ел экономикасын дамыту. Форумға қатысқан кәсіпкерлер еуропалық жағдайда еш әкімшілік кедергісіз, арзан несие алып кәсібін бастаған емес. Бұлар Қазақстанда бизнес ашқандар. Ал біздің елде бизнеске кедергі көп. Монополистер жолын кессе, қымбат несие қалтасын қағады. Ал шенеуніктердің әкімшілік кедергілері бөлек әңгіме. Кәсіпкер Бибігүл Саржановаға да бүгінгі жетістікке жету үшін, жоғарыда аталған кедергілерден өтуге тура келді. Ең бастысы бизнесте шыдамдылық қажет дейді ол.

БИБІГҮЛ САРЖАНОВА - «SBS GROUP» КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ «Біз бизнесті бастағанда бірден ақша тауып, байлыққа кенелгіміз келеді. Жаңа үй, су жаңа көлік алсам, шетел аралап, саяхат құрсам деп армандаймыз. Бірақ оның бәрі бірден болмайды. Мен де солай армандағам. Менде де бүгінгі бардың бәрі болған жоқ. Ескі үй, ескі көлікпен жүрдім. Мен бірден ақшаны бизнеске құю керек екенін түсіндім. Бизнесте шыдамдылық керек. Себебі, теңге тиыннан, тиын қиыннан құралады. Сол кезде жаңа үй де, көлік те, саяхат та болады.»

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.