Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШЕТЕЛДЕН ЗАҢСЫЗ АСҚАН ҚАНША ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫЛДЫ?

c 11:58, 23/12/2022 c 199

0:00 / 0:00

2022 жылдың 6 айында мемлекетке 631 миллиард теңге қайтарылды. Олигополиялар меншігінен құны 6,5 миллиард теңгеден аса 398 мың гектар жер қайтарылды. Бас прокурордың наразылығымен Жоғарғы Сот бұрын олигополия субъектілерінің пайдасына шығарылған 17 сот актісін жойды. Бұл 600-ден аса кірме теміржол желісін қайтаруға, жол жүру ақысын төмендетуге, мемлекет мүддесін 21,1 миллиард теңгеге қорғауға мүмкіндік берді дейді Бас прокуратураның халықаралық құқықтық ынтымақтастық қызметінің басшысы Артур Ластаев. Бас прокуратура БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз маслихатын өткізген еді.

Шетелге заңсыз шығарылған қаражат көлемі 200 млрд. Доллардың шамасында. Бас прокуратура өкілдері брифинг барысында шетелден қанша актив Қазақстанға қайтарылғанын айтты. Тек осы жылдың алты айында 631 млрд теңге қайтарылған.

АРТУР ЛАСТАЕВ – ҚР БП ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ «Оның ішінде 421 миллиард теңгесі қылмыстық істер бойынша келтірілген залалды өтеу түрінде өтелді, 314 миллиард теңгесі ақшалай, 107 миллиард теңгесі асыл тастар мен металдар түрінде өтелді. Қалған сома монополиясыздандыру жұмыстары барысында өтеледі».

Қылмыстық қудалау аясында 631 миллиард теңгенің 400 миллион доллары шетелден қайтарылған.
Прокуратура олигополиялар меншігінен құны 6,5 миллиард теңгеден аса 398 мың гектар жер қайтарылғанны мәлімдеп отыр. Бас прокурордың наразылығымен Жоғарғы Сот бұрын олигополия субъектілерінің пайдасына шығарылған 17 сот актісін жойды. Бұл 600-ден аса кірме теміржол желісін қайтаруға, жол жүру ақысын төмендетуге, мемлекет мүддесін 21,1 миллиард теңгеге қорғауға мүмкіндік берді-дейді прокурор.

Сондай-ақ, тілшілерді қаңтар оқиғасына қатысты деректер қызықтырды. Прокурорлар қаралы қаңтардан соң азаптау дерегі бойынша 327 қылмыстық іс қозғалғанын айтады.
Оның ішінде 31 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Өздеріңізге мәлім, бұған дейін Алматы облысында ыстық үтікпен азаптау дерегі бойынша 25 адам жәбірленуші, 5 полицей күдікті ретінде танылғаны хабарланған болатын. Жалпы қаңтар таргедиясы бойынша тергеу жалғасуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.