Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШАҒЫМ КӨП

c 09:41, 19/01/2022 c 1627

0:00 / 0:00

Бас прокурор елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктерден соң қамауға алынғандар саны туралы жаңарған мәліметті жариялады. Сотта тәртіпсіздіктерге қатысты 8 354 әкімшілік іс қаралды. 3 337 құқықбұзушыға тек ескерту жасалды, 1 653 іс бойынша айыппұл салынды, қазір 1 002 адам қамауға алынды. Сот тағайындаған жазаны жеңілдету мақсатында прокурорлар апелляциялық сатыға 1 758 өтініш енгізді. Қазіргі уақытта прокурорлар өтініші бойынша 676 азамат қамаудан босатылды. Ал ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды дейді Қазақстанның бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин. Бұл жайында ол онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Бас прокуратура елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктерден соң қамауға алынғандар саны туралы жаңарған мәліметті жариялап отыр. Өздеріңізге мәлім, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы орган түрлі құқық бұзу дерегі бойынша ұсталған тұлғалар кінәсі дәрежесін белгілеп, қылмысты ауырлататын мән-жай болмаған жағдайда жазаны жеңілдетеді деген тапсырманы міндеттеген еді. Бүгін прокуратура қаңтар трагедиясынна соң қанша адам ұсталғанны, қаншасы босатылғанын мәлімдеп отыр. Сотта тәртіпсіздіктерге қатысты 8 354 әкімшілік іс қаралған. 3 337 құқықбұзушыға тек ескерту жасалса, 1 653 іс бойынша сот айыппұл салды, қазір мыңнан аса адам қамауға алынды.

Қамауға алынғандар ішінде терроризм, адам өлтіру фактілері бойынша ұсталғандар көп.

Қаңтар оқиғасына қатысы бар деп ұсталғандардың ішінде бейбіт шеруге шыққандар да баршылық. Еліміздегі адам құқын қорғау уәкілі бұл орайда азаматтардан келіп жатқан шағым көп дейді. Тергеу барысында аса қатігездік жасалып жатыр деген 21 шағым түскен. Омбудсмен уақытша қамау мекемелеріне барып,мәселені бақылауға кедергілер жасалып жатыр дейді.

Дегенмен, омбудсмен бұл жағдайда ары қарай бақылауда ұстайтынын айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.