Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СЕНАТТЫҢ МӘРТЕБЕСІ ТӨМЕНДЕЙ МЕ?

c 09:41, 18/03/2022 c 371

0:00 / 0:00

Қазақстан Президентінің Жолдауында суперпрезиденттіктен ықпалды Парламентке көшу ұсынылды. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Сенаттағы квотасы 15-тен 10 депутатқа дейін қысқаратынын айтты. Сондай-ақ, заң жобасын қабылдау құзыры Мәжіліске беріліп, Сенат оны мақұлдайтын болады. Бұл орайда, төменгі палатаға басымдық беріліп, Сенаттың мәртебесі төмендеп кетпей ме деген сұрақ туындайды. Президент Жолдауын жарыса қолдаған сенаторлар жаңашылдықты екі қолмен қолдап отыр.
Саяси бастамалардан тұратын Мемлекет басшысының Жолдауындағы мәселенің бірі- Парламенттің рөлін арттыру. Президенттің бірқатар өкілеттілігі қысқарып, Парламенттің соның ішінде Мәжілістің рөлі күшейеді. Мәжілістің алдында Есеп комитетінің орнына құрылатын Жоғары аудиторлық палата жылына екі рет есеп береді. Енді Мәжіліс заңдарды қабылдап, Сенат мақұлдайтын болады. Бұл үрдіс өзін жоғары палата санайтын сабырлы сенаторлардың мәртебесін төмендетіп жібермей ме?

Сенатта көп жылдар бойы отырған кейбір депутаттар жасының келгенін мойындап, жастарға жол беруге дайынбыз деп отыр.

Айта кетейік, Жолдаудағы саяси реформаларды жүзеге асыру үшін Конституциялық заңға 30-ға жуық өзгеріс енгізіліп, 20 заң жобасы әзірленеді. Бұл жұмысты тез арада жүзеге асыру үшін қос палата депутаттары күн-түн демей жұмыс істейміз деп отыр. Осылайша Жаңа Қазақстанды ескі парламентпен жаңартып алмақшымыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.