Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РИДДЕРДІҢ ҚАРЫЗЫН КІМ ӨТЕЙДІ?

c 09:29, 17/07/2023 c 74

0:00 / 0:00

Риддер жылу электр станциясының қарызы 5,3 млрд теңгені құрайды. Енді осы кәсіпорынның жаңа иесі Әміржан Нәбиев станцияның барлық қарызын өз есебінен жабуға уәде берді. Бұл жайында энергетика минстрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Айта кетейік, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шығыс Қазақстан облысына іссапарында жергілікті халықпен кездеусінде, өңірдегі жылу беру проблемалары шешілетінін айтты.

Еске сала кетейік, көктемде Риддер жылу электр станциясында бірнеше рет апаттық жағдай болды. Қалада төтенше жағдай енгізілді. Қазіргі кезде тозығы жеткен станцияда алты қазандықты күрделі жөндеуден өткізу жұмысы тұр. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бүгінде кәсіпорынның жалпы қарызы 5,3 млрд теңгені құрайды. Риддер жылу электр орталығын жөндеу жұмыстарына 8 мердігерлік компания тартылды. Жөндеу шараларының жалпы сомасы – 8,3 млрд теңгені құрайды. Риддер ЖЭО-дағы барлық жұмыс кесте бойынша жылу маусымы басталғанша аяқталады деді энергетика министрі шығысқазақстандықтармен кездесуінде. Осы жиында Риддер жылу электр станциясының жаңа қожайыны Әміржан Нәбиев кәсіпорынның барлық қарызын жабамын деп уәде берді.

ӘМІРЖАН НӘБИЕВ - «РИДДЕР ЖЭО» АҚ ИЕСІ «Біз қазір ақшаны қайтару бойынша жеке сөйлесеміз. Әрбір крдеитормен жұмыс жүргіземіз. Ендігі жұмыс жүріп те жатыр. Ең ірі соманы соманы біз жаптық. Қазір 1,5 миллиардтайы қалды. Осы жұмысты да аяқтаймыз. Біз оны міндетті түрде жабамыз, уайымдамаңыздар»

Айта кету керек, маслихат депутаты Нәбиев 1 шілдеден бастап Риддер жылу электр станциясының жаңа иесі болып саналады. Кәспіорынның қарызын жабуды өз мойнына алған кәсіпкер бұл жерде қандай пайда көріп отыр деген сұрақ туады. Себебі, энергетика министрі Риддер жылу электр станциясын мемлекет меншігіне өткізу жоспары деп отыр.

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ «Иә, біз бұл станция коммуналдық меншікке өтуі керек деген мәселе қойып отырмыз. Себебі, бюджеттің ақшасы жұмсалды. Бұл біздің негізгі сценарий »

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеулер департаменті "Риддер ЖЭО" АҚ бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғағанды.Олар 2,5 миллиард теңге жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Ал тергеу шараларын қаржылық мониторинг агенттігі жүргізуде. Агенттік аталған лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істің қозғалғанын растап отыр. Кәсіпорынның жылу желілерін күтіп ұстауға және жөндеуге арналған қаржыны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.