Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРОКУРОРДЫҢ ЕСКЕРТУІ

c 18:31, 18/11/2022 c 1216

0:00 / 0:00

Еліміздің Бас прокуратуратурасы 20 қарашада өтетін сайлау күні заңсыз митингілерді өткізуге, қатысуға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауға байланысты тараған ақпараттарға қатысты үндеу жасады. Прокуратураның хабарлауынша, әлеуметтік желілерде сот тыйым салған ұйымның сайлау күні заңсыз митингілерді өткізетінін хабарлап, соған қатысуға үгіттеген шақырулары тарап жатыр.

Бас прокуратура тыйым салынған ұйымдардың шақырулары, ұйымдастыруы және олармен ұйымдастырылған акцияларға қатысқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп ескертеді. Айта кетейік, кеше ҰҚК сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғысы келген қылмыстық топты ұстағанны хабарлады. Жеті адамнан тұратын қылмыстық топ қызметінің жолын кескен. Комитет қолға түскендерді ұстау видеосын таратқан еді. Олар билікті күштеп басып алу мақсатында қару-жарақ пен тұтандырғыш қоспаларды пайдалана отырып, жаппай тәртіпсіздіктер мен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне шабуылдар жасауды, қызметкерлерді өлтіруді жоспарлаған, сондай-ақ дайындауға қатыстылығы туралы құжаттық дәлелдер алынды", - деп хабарлайды

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.