Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ЖАҢА ДӘУІРГЕ ЖОЛ АШТЫ»

c 09:12, 22/11/2022 c 1227

0:00 / 0:00

Кезектен тыс президент сайлауының алдын ала нәтижесі жарияланғаннан кейін сайлау науқанында ел билігіне таласқан кандидаттар өз пікірлерін жарыса айтты. Осы сайлауда қазақстандандықтардың 80 пайыздан астам дауысын жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабқа барып, өзін қолдаған сайлаушыларға және халықтық коалицияға ризашылығын білдірді. Ал қалған бес кандидат жеңімпазды құттықтап, сайлауда орын алған әттеген-айларын айтып жатты. Толығырақ тілші материалынан

Сонымен елді елеңдеткен сайлау өз мәресіне жетті. Алты кандидат осы додада бақ сынады. Қазақстандықтар үшін Қасым-Жомарт Тоқаев танымалдырақ болғаны сөзсіз. Қалған бес кандидат үшін бұл дайындық курсы болды дейді сарапшылар. Сайлаудың алдын ала нәтижесінің өзі осының дәлелі. Тоқаевтан басқалары екі пайыздан астам ғана дауыс жинады. Жеңімпаз сайлауға «бұл тарихи науқан болды» деген баға берді.

Тоқаевтың өзі айтқандай бүгіннен бастап билік уәде еткендей әділдік орнату үшін тер төгуге тура келеді. Бұл Президент сайлауы жаңа саяси дәуірге жол ашады деді ол.

Президенттікке таласқан кандидаттың бірі-Қарақат Әбден сайлау науқаны барысында өзіне қатысты сын айтқан блогерлерге ренішін жеткізді. Әбден ханым ол үшін жауапқа тартатынын айтып қалды.

Ал өзін осы сайлаудағы оппозиционермін деп санайтын Нұрлан Әуесбаев өзін елге көбірек таныту үшін уақыт аз болды деп өкінді. Президенттік бұйырмаса да, келесі жылғы Парламенттік сайлауда депутаттық кресло бұйырады деген үмітте.

Қалған үміткерлер-Мейрам Қажыкен, Салтанат Тұрсынбекова және Жигули Дайрабаев бәсеклестері Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтап мәз болды. Еске сала кетейік Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, кеше өткен Президент сайлауында қазақстандықтардың 70 пайызға жуығы дауыс берген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.