Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОҚУШЫЛАРДЫҢ КАНИКУЛЫ ҚЫСҚАРА МА?

c 07:56, 31/03/2022 c 460

0:00 / 0:00

Қазақстандық оқушылардың каникулы қысқаруы мүмкін деген ақпарат бұған дейін де тараған болатын. Кәсіпкер, Binom мектептерінің құрылтайшысы Айдын Рахымбаев оқу жылын 34 аптадан 38-ге ұзартуды ұсынғанды. Осыған орай Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің пікірін сұраған едік. Министр қазір каникулды қысқартуға қатысты зерттеу жүріп жатыр. Оған психологтар да, әдіскерлер де тартылған деді. Сондай-ақ, Аймағамбетов биылғы оқу жылының соңында жазғы мектеп жұмысы жүргізілетінін айтты.Бұл қашықта оқып, білімі төмендеп кеткен оқушылармен жұмыс істеу үшін қажет дейді.

Панедмия барысында қашықтан оқыған меткеп оқушыларының білім сапасы төмендеп кетті. Қашықтан алған тәлімі дәстүрлі оқытумен тең келмейді дейді білім министір Асхат Аймағамбетов. Сол себепті министрлік оқу жылының соңында жазғы мектеп жұмысын жүргізеді. Ата-ананың қалауы бойынша балалар жазғы мектепке барады . Дегенмен министр балалардың онлайн оқу барысында алған білімі білім емес екенін айтады.

Сондай-ақ, қазақстандық оқушылардың демалысын қысқарту туралы ұсыныс жасалғаны мәлім. Кәсіпкер, Binom мектептерінің құрылтайшысы Айдын Рахымбаев оқу жылын 34 аптадан 38-ге ұзартуды ұсынғанды. Бұл орайда еліміздің бас мұғалімі министрлік каникулды қысқартуға қатысты зерттеу жүргізіп жатқанын айтты. Оған психологтар мен әдіскерлер тартылған.

Білім министрінің айтуынша, Қытай мен Кореяда оқушылардың сабағы 42 аптаға, Сингапурда 39 аптаға созылады. Ал Қазақстанда оқушылар 34 апта оқиды. Осылайша кореялық оқушылардың демалысы 70 күнге созылса, қазақстандық оқушылар 120 күн демалады. Каникул демекші, елімізде балаларға сапалы білім беретін педагог тапшы. Қазақстанның төр бірдей өңірінде мұғалім жетіспей жатыр. Министрлік ол проблеманы ұстаздардың жалақысын өсіру арқылы шешпек.

Ал 2025 жылға дейін мың мектеп салу жоспары бар. Ол мектептерде жұмыс істейтін 100 мың мұғалімді қайдан табамын деп басы қатқан министр, түлектерді педагог мамандығына оқуға тартуға басымдық бермекші.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.