Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НАН ҚЫМБАТТАДЫ

c 16:24, 11/10/2022 c 883

0:00 / 0:00

Ас атасы - нанның бағасы тағы да шарықтады. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің мәліметінше, нан бағасы 11,9%-ке көтерілді. Министр нанның қымбаттауына коммуналдық қызмет тарифінің өсуі әсер етіп отыр дейді.

ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРІ «Нан бірнеше себепке байланысты қымбаттауы мүмкін. Электр энергиясы, коммуналдық қызметтер қымбаттап жатыр. Сол себепті жалпы баға өсімі бар. Біз оны көріп отырмыз. Қаңтардан бастап бағаны тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдаймыз»

Астықты ел - Қазақстанда нан бағасының қымбат болуы сұрақ тудырады. Министр Қарашөкеев бағаның күрт өсуіне негіз жоқ дейді. Оның айтуынша, биыл былтырғымен салыстырғанда ұн мол өндіріліп жатыр. Тұрақтандыру қорына миллион тонна астық жинау жоспары бар. Оның 900 мың тоннасы бидай болады. Негізсіз қымбатттап отырған тағы бір тамақ түрі-ет. Қазақстаннан тірідей мал экспорттауға шектеу қойылғанды. Оған қоса, ауыл халық жаппай мал шарушалығымен айналысады. Малдың өсімі де жақсы. Дегенмен, базарлар мен дүкен сөрелеріндегі еттің бағасынан көз сүрінеді. Жылқы етінің келісі 3500 теңгеден сатылса, сиыр етінің де құны 3 мыңға жуықтап қалған. Қой етінің бағасы да қалысып жатқан жоқ.

Ал үкімет отырысында еліміздің бас банкирі Қазақстанда жылдық инфляция 17,7%-ке жетті деп мәлімдеді. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, инфляцияның айлық динамикасы биыл наурыз айындағы ең жоғары көрсеткіштен төмендегеніне қарамастан, орташа жылдық мәндерден біршама асып, шарықтап кетті. Инфляцияға азық-түлік қымбатшылығы айтарлықтай үлес қосып отыр. Азық-түлік өнімдерінің инфляциясы жылдық мәнде 22,2%-тен асты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.