Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ» ТУРАЛЫ ЗАҢ ӨЗГЕРТІЛЕДІ

c 17:08, 15/11/2023 c 75

0:00 / 0:00

Үкімет «Мемлекеттік сатып алу» туралы заңға өзгеріс енгізбекші. Тіпті тиісті заң жобасын әзірлеп Парламент Мәжілісіне әкеліп танысырып та үлгерді. Қаржы вице-министрі Даурен Кеңбейлдің баяндауынша, заң жобасы сатып алу процесін жеңілдетуге, қысқартуға және бағадан сапаның басымдығын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа нұсқада сатып алу процесін камералдық бақылау жүйесі сақталады. Бұл ретте уәкілетті орган тарапынан сатып алу қорытындыларының күшін жою құқығын алып тастау қарастырылған. Сатып алу рәсімдері созылып кетпес үшін, қорытындыларды қайта қарау функция сатып алуды ұйымдастырушыға берілмек. Ұйымдастырушы базасында шағымдарды қарау жөніндегі комиссиялар құрылады.Сондай-ақ, конкурсты өткізу мерзімі бір айға дейін қысқаратылады.Шынымен де мемлекеттік сатып алуларға қатысты сын да, мін де көп. Бір көзден қаржыландыру, сапасы емес арзан бағасына қарап тендер өткізу, тендерді ұтып алып, міндетін орындамайтындардың жосықсыз әрекеті көпті шаршатты.

Заң жобасымен танысқан депутаттар құрылыс саласында не техникасы жоқ, не тиісті мамандары жоқ компаниялар тендерге қатысып, қыруар қаржыны ұтып алады да міндетін субмердігерге бере салып, жұмысын аяқсыз қалдырып жатады деп шуласты. Қаржы вице-министрі де мұны жоққа шығара алмады.

Мемлекеттік сатып алулардағы тағы бір проблема - бір көзден сатып алу. Яғни бір компания ұтып алады да, қалғандарына мүмкіндік берілмейді. Қаржы министрлігі бұл мәселені де жетілдіреміз деп сендірді. Мәселен, конкурсқа қатысуға бір өтінім ұсынылған және оны біліктілік талаптарына сәйкес деп таныған жағдайда, мұндай сатып алуды өткізілді деп тану ұсынылады. Бұл уақытты үнемдейді, сондай-ақ үдерісті жеңілдетеді, себебі тапсырыс берушіге қайта конкурс өткізудің қажеті болмайды. Сондай-ақ, 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі тауарларды, 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алуды жүзеге асыру ұсынылып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.