Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ШЫҒЫСЫ БАҚЫЛАНБАҚ

c 19:15, 16/02/2022 c 441

0:00 / 0:00

Мемлекеттік қызметкерлердің шығысы қатаң бақылауға алынатын болады. Қазақстанда кірісі мен шығысының арасындағы айырмашылық 1 000 АЕК-тен яғни 3 миллион теңгеден асатын мемлекеттік қызметшілерге айыппұл салынады. Ал егер айырмашылық жылдық табыстан асса, мемлекеттік қызметтен үш жылға босатылады. Бұл норма "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізіліп отыр. Құжат Парламент Мәэілісінің жалпы отырысында майшаммен қаралды.

Енді негізсіз байыған мемлекеттік қызметкерлердің ішкен-жегендері бақылауға алынбақ.Елдегі тамыры тереңге кеткен сыбайлас-жемқорлықпен күресудің бір жолы ретінде мемлекеттік қызметшілердің шығысы кірісінен асып кетсе, оға айыппұл салу және қызметінен қуу нормасы ұсынылды. Агенттік төрағасы жасыратыны жоқ, жемқорлықтың арқасында дүние жинап, оларды басқаларға тіркеп, активтерді жасыру схемасы бар дейді. Ал осы жасырын байлыққа заңсыз жолмен ие болғанын дәлелдеу оңай емес. Сондықтан азаматтардың шығындарын бақылауды заңмен бекіту қажет болып отыр

Ал шығысы тапқан табысынан асып кету себебін түсіндіре алмаса, мемлекеттік қызметкер 3 жылға қызметінен қуылады. Шенеуніктердің жоқ жерден байып кетуін халықты жалпыға бірдей декларациялау арқылы бақыламақ. Бұл норманы 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспары бар. Өйткені республиканың барлық азаматы 2025 жылы өз кірісінің мөлшері туралы есеп береді. Ал 2026 жылдан бастап олардың шығысын кірісімен салыстыру процесі басталады дейді Ахметжанов. Шетелге заңсыз шығарылып, оффшорда жатқан қаражатты елге қайтару мәселесі де көтерілді

Агенттік басшысы әзірге бұл мәселе бойныша қылмыстық іс өндірісте жоқ деді. Ол үшін қылмыстық іс қозғалып, ақшаның қылмыстылығы анықталуы керек. Бұл мәселені де көпке созбай қолға аламыз дегендей болды.

Айта кетейік, шетелдік БАҚ –да Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева 300 миллион долларды Қазақстаннан заңсыз шығарғаны туралы ақпарат таратқанды. Бүгінгі күні Қазақстан құқықтық көмек көрсету туралы 68 екіжақты келісімшартты ратификациялағаны мәлім.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.