Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мал экспорты шектеледі

c 17:59, 17/12/2019 c 571

0:00 / 0:00

Қазақстан мал экспортына шектеу қоюды жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылық министрінің айтуынша, өткен жылы 112 мың мал басы экспортталған. Алайда, ел экономикасы үшін шикізат экспорттағаннан гөрі, ет өнімдерін сыртқа шығарған тиімдірек. Сондықтан малды шетелге тірідей жіберуге шектеу қойылмақ.
Жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіретін ет бағасы шарықтап барады. Елорда базарларында жылқы етінің келісі 2300-2500 тг құраса, сиыр еті 2000 теңгеге жетіп жығылады. Қойдың еті де арзан емес. Саудагерлер келісін 2000 тг сатып жатыр. Ауыл шаруашылық министрлігі ет бағасының қымбаттауы мал басын жаппай экспораттаудан орын алуда деп отыр. Сондықтан мал сыртқа шығаруға шектеу қойылмақшы
Айта кету керек, ендігі осы жылдың қазан айында сиыр, қой және ешкіні экспорттауға 6 айға шектеу қойылған болатын. Үкімет мүшелері ел экономикасы үшін малды шетелге тірідей жібергенше, өңделген өнімді экспорттаған тиімдірек дейді.
Ал Қазақстанның ет өнімдерін алуға көршілес елдер ниетті ме? Алып Қытай ет өнімдерінен гөрі, малды тірідей алғанды жөн санайды. Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметінше, өткен жылы 126 мың тонна жылқы, 500 мың тонна қара малдың еті, 150 мың тонна қой еті өндірілген. Сонымен қатар, құс, түйе, шошқа етінен де өнімдер шығарылды. Ал ағымдағы жылы 35 мың тонна ет экспортқа кетті. Яғни ет өнімдері экспортының әлеуеті әлі де болса артпай отыр. Ауыл шаруашылық министрлігінің бұрынғы басшылары жылына 60 мың тонна ет экспорттаймыз деген уәдені жаудырған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.