Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛША ӨРШІП БАРАДЫ

c 16:45, 11/08/2023 c 64

0:00 / 0:00

Қазақстанда қызылша өршіп барады. Биыл елімізде қызылша ауруын жұқтырудың 3 мыңнан астам оқиғасы тіркелді деп мәлімдеді Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова. Бұл жайында ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтты.

Қызылша ауруы өршіп барады. Мамандардлың айуынша, соңғы і 10 жылда елде қызылша ауруын жұйқтыру жағдайларын қоспағанда, вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен биыл қызылшамен сырқаттану деректерінің өсуі байқалады. Бүгінгі күні республика бойынша қызылшаны жұқтырудың 3 037 жағдайы тіркелген. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің айтуынша, қызылшаны жұқтырғандар осы жұқпалы ауруға қарсы вакцина алмағандар.

АЙЖАН ЕСМАҒАМБЕТОВА – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ, БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕР «Қызылша ауруының өсуіне қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация алмаған балалардың көбеюуі себеп болып отыр. Мәселен, анықталған 3 мың жағдайда ауырғандардың 72 пайызында вакцинацияланбаған балалар анықталды. Оның ішінен 60 пайызында ата-аналардың вакцинациядан бас тартуына байланысты болған, 20 пайызында екпеге медициналық қарсы көрсетілімдері анықталды, сондай-ақ қалған 20 пайызында балалар вакцина егу жасына жетпеген».

Есмағамбетованың мәлімдеуінше, қызылша ауруы елдің барлық аймағында тіркеліп жатыр. Алматы қаласында (1 101.), Жамбыл (430), Алматы (352), Атырау облыстарда (237), Астана (209) және Шымкент (194) оқиға анықталды. Қызылшаны жұқтырып, сырқаттанғандардың дені - балалар. Дәрігерлердің айтуынша, өызылшамен сырқаттанған кезде күрделі асқынулар пайда болады. Өкпенің қабынуы, орта құлақтың қабынуы, мидың қабынуы тәрізді өте күрделі ауруға ұласып кетуі мүмкін. Аталған жұқпалы аурудан сенімді қорғанудың бірден бір жолы қызылшаға қарсы вакцинация болып табылады дейді олар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.