Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Күмәнді «ашық» жобасы

c 09:35, 29/04/2021 c 645

0:00 / 0:00

Карантин барысында енгізілген «Ашық» жобасы бизнес үшін қолайлы болып тұрғанымен азаматтар үшін қауіп төндіріп отыр. Депутаттар аталмыш жоба күмән тудырады дейді.  Мәжілістің жалпы отырысында депутат Снежанна Имашева "Ashyq" мобильді қосымшасының олқылықтары мен кемшіліктерін тізіп берді. Оның айтуынша, қосымшаның ішінде ешқандай пайдалы ақпарат жоқ, тек "кіруді тіркеу" және "шығуды тіркеу" деген екі сілтеме ғана тұр.

"Ashyq" мобильді қосымшасын жүктейміз деп, барлық жеке мәліметіміз ашылып қалмай ма деп алаңдайды депутаттар. Снежанна Имашеваның айтуынша, қосымшаны жүктеп алған пайдаланушылар тіркелу кезінде қиындықтарға тап болуда. Қосымшаның ішінде ешқандай пайдалы ақпарат жоқ, тек "кіруді тіркеу" және "шығуды тіркеу" деген екі сілтеме ғана тұр. Тіпті қосымша арқылы кіруге болатын нысандардың тізімі де көрсетілмеген. Қандай да бір мекемеге кірмес бұрын өз статусыңды тексеріп алу мүмкіндігі жоқ. Техникалық қолдау қызметімен байланысқа шығу функциясы да қарастырылмаған.

Снежанна Имашева – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Ashyq" қосымшасы адамдардың телефон нөмірі мен ЖСН талап етеді.  Ал қосымшаны пайдалану тоқтаған кезде, азаматтардың жиналған жеке деректері қайда кетеді? Мобильді қосымшаның қауіпсіз екені де күмән тудырады. Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, ол әлі ақпараттық қауіпсіздікке тексерілмеген"

Имашева бұл  қосымша адамның шынайы статусын көрсетпейді дейді. Мысалы, ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен пайдаланушыларда жасыл түстің орнына "көк" жанады. Бұл мобильді қосымша жүгінетін мәліметтер базасында қате барын немесе уақытында жаңартылмайтынын көрсетеді. Сонымен қатар мекемеге ауру адам да кіріп кетуі мүмкін. Өйткені ешқашан ПТР тест тапсырмаған, тіпті симптомсыз ауыратын адамдарда бәрібір де "көк" түс шығады. Бұл орайда депутат Имашева цифрлық даму министрінен мобильді қосымшадағы кемшіліктерді жоюды, пайдаланушылардың жеке деректерінің сақталуын қамтамасыз етуді талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.