Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КОСТЕНКО ШАХТАСЫНДАҒЫ АПАТҚА КӘСІПОРЫН БАСШЫЛЫҒЫ КІНӘЛІ»

c 14:55, 01/11/2023 c 41

0:00 / 0:00

Бүгін министрлер кабинеті үкімет отырысын бастамас бұрын Костенко шахтасында орын алған алапат апаттан көз жұмған кеншілерді 1 минут үнсіздікпен еске алды. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов соңғы кеншінің денесі табылып, қаза болғандар саны 46 адамды құрағанын нақтылады. Шахтерлардың қазасына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысы да жалғасуда. Оны басқарып отырған үкімет басшысы шахтада орын қайғылы оқиғаға «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылар кінәлі деп кесіп айтты.

Өздеріңізге мәлім, кісі өліміне әкеліп соққан апаттан соң Қазақстан "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатып жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрінің айтуынша, Қазақстан үкіметі меншікке алып алған соң "АрселорМиттал Теміртау" АҚ активіне шетелдік инвесторды тартпайды. Ал кәсіпорындағы қазіргі шарттар, еңбекақы төлеу, қызметкерлердің саны, барлығы өзгеріссіз қалады, - деп отыр. Мемлекет меншігіне өткен соң, компанияның атауы да өзгереді. Ал оны меншіктеу үшін қомақты қаржы қажет екені белгілі. Қазақстаннның жерасты байлығынан миллиардтап пайда тауып отырған Лакши Миттал алпауыт компанияны Қазақстанға тегін бере салмайтыны сөзсіз. Шенеуніктер әзірге келіссөз құнын атамай отыр.

ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ – ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ «Біз қазір заңдық міндеттемелерді қарастыратын құжаттарға қол қойғанша, кәсіпорын активтері Қазақстанның меншігіне өткізгенше келісімшарттың талаптарын, сомасын атай алмаймыз»

Дегенмен, министр компанияға бюджет қаражаты жұмсалмайды деп сендірді. Ал БАҚ беттерінде «АрселлорМиттал Теміртаудың» акицонерлері құрамында экс-президент Назарбаев әулетінің өкілдері бар деген ақпарат шыққанды. Шарлапаев бұл ақпарды жоққа шығарды.

«Жоқ. АрселлорМитталдың» бізге берген мәліметі бойынша, олар бұл кәсіпорынның 100 пайыз меншік иесі болып есептеледі және өз акциялары бойынша ешқандай шектеусіз толық өздігінен шешім қабылдай алады».

Өнеркәсіп министрінің мәліметінше, «АрселлорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі кәсіпорындарда 30 мыңға жуық азамат жұмыс істейді. Қарағандылық кеншілердің жалақасы 300 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін барады. Ал компания менеджерінің айлығы 31 миллион теңгеден асып жығылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.