Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КІШІ АРАЛДЫҢ ТАҒДЫРЫ ҚЫЛ ҮСТІНДЕ

c 18:13, 20/10/2022 c 1476

0:00 / 0:00

Үкімет тез арада қаржыландыру мәселесін шешпесе, Кіші Аралды жоғалтып алу қаупі төніп тұр. Бұл Қызылорда облысының экологиялық ахуалын нашарлатып, апатты жағдай тудырады деп дабыл қағады сенатор Мұрат Бақтиярұлы. Депутат Премьер-министрег жолдаған сауалында 2005 жылы "Сырдарияның арнасын реттеу және Кіші Аралды құтқару" жобасы аясында Көкарал бөгеті салынғанын айтты. Бұл жоба республикалық бюджеттен және Дүниежүзілік банктен қаржыландырылған. Қазір бөгеттің 200 метрін су шайып кеткен және бұл учаскені жедел жөндеу қажеттігі туындап отыр. Жоба құны 4 млрд. 582 млн. теңгені құрайды. Өткен қыркүйек айында республикалық бюджет комиссиясы Экология министрлігіне Су ресурстары комитетінің бюджетін қайта бөлу арқылы жобаны бастау үшін 500 миллион теңге бөлген. Бірақ осы басы іс аяқсыз қалып отыр. Себебі, Кіші Аралдың тағдыры алдағы үш жылдық бюджетте назардан тыс қалды. Не керек Президенттің Көкарал бөгетін нығайту туралы тапсырмасын үкімет елеусіз қалдырып отыр дейді депутат Бақтиярұлы.

Сенатордың жанайқайына үкімет басшысы құлақ аспаса экологиялық апат болуы мүмкін.

Сенат депутаты Кіші Аралдың жойылып кетуі бүкіл Қызылорда облысы үшін үлкен қауіп дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.